Қытай басшысының сапары қарсаңында белсенділерге қысым күшейген

10 қыркүйекте осы топтың белсенді мүшелері Байболат Күнболат пен Ақиқат Қалиолланы полиция ұстап, 15 тәулікке қамаған.


12/09/2022
15:39 28151 0

Шыңжаңда туыстары қамауда отырған белсенділерге Қытай басшысы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары қарсаңында қысым күшейген. Бұл жөнінде Азаттық радиосы хабарлады. 

Басылым мәліметінше, Шаңжаңдағы туыстарын босатуды талап етіп, Алматыдағы Қытай консулдыға алдында тұрақты түрде наразылық акциясын өткізіп жүрген белсенділерді белгісіз адамдар аңдуда. 

9 қыркүйекте белсенділерді Алматы әкімдігіне шақырып, өзін сыртқы істер министрлігінің қызметкерімен деп таныстырған белгісіз адам Қытай басшысы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сарапы кезінде Астанаға бармауға шақырған. 

– Астанадан, министрліктен келдім деп бір кісі отырды. Бізге "Астанаға бармаңдар. Барсаңдар 15 күнге қамаласыңдар. Сендердің мәселелеріңді президент Тоқаев көтереді" деді. Бірақ біз оған сенбедік. Си Цзиньпин астанаға келген кезде міндетті түрде барамыз деді, – дейді консулдық алдындағы наразылықтың қатысушысы Гауһар Құрманәлиева.

Құрманәлиеваның сөзінше, белсенділер қыркүйектің 11-і күні елордаға таксимен бармақ болған. Бірақ 10 қыркүйекте осы топтың белсенді мүшелері Байболат Күнболат пен Ақиқат Қалиолланы полиция ұстап, 15 тәулікке қамаған. Гауһар Құрманәлиева Астана қаласына тиесілі нөмірдегі автокөліктің үйінің алдына таң атқаншы тұратынын, базарға барса артынан еріп жүретінін айтады. 

10 қыркүйек күні осы топтың тағы бір мүшесі, Алматы облысы Қарасай ауданы Райымбек ауылында тұратын Нұрзат Ермекбайды полиция Қаскелеңдегі бөлімшеде төрт сағат ұстаған.

– Таңертең белгісіз нөмірден бір кісі қоңырау шалып, "Ұрлық жасап жүрген үш Өзбекстан азаматы ұсталды. Сіздің нөміріңіз солардың телефонында сақтаулы екен. Қандай байланысыңыз бар, соны тексереміз, келіңіз" деді. Жолға шықсам полиция көлігімен үш адам тұр екен. Қасымдағы 15 жастағы қызыммен бірге күшпен көлікке отырғызып, Қаскелеңге, полицияға алып барды. Сол жерде өздерін "прокуратураданбыз" деп таныстырған азаматтар "Астанаға барғалы жатырсыздар ма? Бармаңыздар. Екі елдің достығына сызат түсіресіздер. Егер ол жаққа барсаңыздар Қытай билігі Шыңжаңдағы туыстарыңызды қинайды. Олар Қазақстанға келмек түгіл, түрмеден шыға алмай қалады" деп қорқытты, – дейді ол.

1қыркүйекте Қытай басшысы Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сарапмен келеді. Осы сапар қарсаңында Шыңжаңдағы мұсылман халықтары мәселесін көтеріп жүрген «Атажұрт еріктілері» ұйымы наразылық шеруін ұйымдастыруға рұқсат сұраған. Бірақ әкімдік оған рұқсат бермеген. 

Си Цзиньпин Қазақстаннан кейін Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады. Сарапшылар соңғы жылдары Қытайдың Орталық Азияда ықпалы күшейгенін, Си Цзиньпиннің бұл жолғы сапары оны одан сайын нығайтуға бағытталғанын айтуда. 

Поделиться

Нет комментариев.

12/09/2022 15:39
28151 0

Уведомление